Қазақстан. 26 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Шартқа сәйкес, экстрадициялауға жататын қылмыстар деп, екі Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын және қылмыс жасағаны үшін кемінде бір жыл немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар жатады.
«Егер ұстап беру туралы сұрау салу ұстап беруге жататын кез келген қылмысы үшін бас бостандығынан айыру түріндегі сот үкімін орындау үшін іздеуде жүрген адамға қатысты болса, ұстап беру ол кемінде алты ай немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда ғана мүмкін болады», – делінген құжатта.
Сондай-ақ егер қылмыс сұрау салушы мемлекеттің аумағынан тыс жерде жасалған болса, егер тараптың ұлттық заңнамасында дәл осындай мән-жайлар бойынша оның аумағынан тыс жерде жасалған қылмыстар үшін жауапқа тарту көзделген болса, ұстап беру іске асырылады деп көрсетілген.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024