Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Көкшетауда өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізуді ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.
"Экология - Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібіндегі негізгі салалардың бірі. Қоршаған орта мәселелері шекара талғамайды. Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі келесі Форумды 2020 ж. Көкшетауда өткізіп, жиынды экология және жасыл өсім мәселелеріне арнауды ұсындым", - делінген Президент жазбасында.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қарашада Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024