Талдықорған. 20 қазан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуінде жақында несиеге қатысты ұсынысын жариялайтынын айтты. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», – деді президент.
Ол мемлекеттік қызметшілерден әділ болуды талап етті.
«Расында, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз «Әділ істің – бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс. Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз», – Тоқаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024