
Астана. 15 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды», – делінген хабарламада.
Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.