Астана. 8 қараша. 7kun.kz – 11 қарашада президенттікке үміткерлердің қатысуымен өтетін телевизиялық дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспайды. Оның орнына сенімді өкіл Ерлан Қошанов қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Дебат 11 қарашада «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде кешкі сағат сегізде басталады. Ол төрт раундтан тұрады деп жоспарлануда.
- Бірінші раунд – сайлау алдындағы бағдарламаның тұсаукесері. Әр қатысушы өз сайлауалды бағдарламасын ұсыну мақсатында сөз сөйлейді.
- Екінші раунд – пікірталас сессиясы. Қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қояды, сонымен қатар екі сұраққа жауап береді.
- Үшінші раунд – сайлаушылардың сұрақтары. Әр кандидатқа бір сұрақ қойылады.
- Төртінші раунд – сайлаушыларға үндеу. Қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024