Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елдімекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Иркутск облысында қатты жаңбыр өзендердің көтерілуіне алып келді. Апат аймағында 31 елді мекен бар, 3,7 мыңнан астам үй су басқан. Соңғы мәлімет бойынша, су тасқыны салдарынан бес адам қаза тауып, 112 адам ауруханаға жатқызылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024