
Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда этностық топтардың тілдері мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалады, деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейтіледі. Менің ойымша, ол ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келеді. Алайда мұндай мәртебеге жету үшін біз қажетсіз әңгімелерсіз бірге жұмыс жасауымыз керек. Сондай-ақ біз ұмытпауымыз керек, тіл - үлкен саясаттың құралы», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында.
Оның айтуынша, белсенді азаматтық қоғам құру үшін мемлекеттік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру қажет. Сонымен қатар, жақын арада 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау керек.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025