Тоқаев: Қазақстан Каспий теңізінің әлеуетін толық пайдаланған емес. Қазір заман басқа
Нұр-Сұлтан. 7 шілде. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Үкіметке елдің теңіз әлеуетін барынша дамыту міндетін қойып, теңіз арқылы тасымалдау ісін дамытуға ерекше назар аударды.
«Қазақстан теңіз арқылы тасымалдау әлеуетін толық пайдаланған емес. Қазір заман басқа. Үкіметке порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктедім. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін», – деді Мемлекет басшысы.
Кеңес барысында Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» теміржол тасымалдаушысын ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялауды, экспорттық жүктерді жеткізуді Транскаспий халықаралық көлік бағдарына қайта бағдарлауды, сондай-ақ елдің жол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды.
Жиын барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады. Сондай-ақ талқылауға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024