Астана. 26 қазан. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды.
Президент әлеуметтік салада, экономика мен саясатта қордаланған көптеген жүйелі мәселелерді атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың мемлекет пен билікке деген сенімсіздігі артқан.
«Бұл мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейді, ұлттың жасампаздық мүмкіндіктерін шектейді. Енді біздің мемлекеттік саясатымызда әділеттілік идеясы ең маңызды болады. Біздің бүкіл ұлттық идеологиямыз әділеттілік идеясымен сіңетін болады», – деді президент.
Оның айтуынша, енді бүкіл ұлттық идеология әділеттілік идеясымен сіңетін болады.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметін бақылауға прокурорлық қадағалау күшейтілетін болады.
«Тұрмыстық қылмыстар үшін жазаны қатайту керек – бұл менің принципті ұстанымым», – деп түйіндеді Тоқаев.