Маңғыстау облысы. 7 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысыны жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің айтуынша, елге қажетті шаралар асықпай, біртіндеп жүзеге асырылуда. Ол кез-келген мәселеде келіссөз арқылы, диалог арқылы мәмілеге келу керек екенін атап өтті.
«Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде сіздер ел тағдырына жауапкершіліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Сол күндерде мұнда адам өлімі болған жоқ. Мемлекеттік және қоғамдық орындар шабуылға ұшыраған жоқ. Елге жанашырлық деген – міне, осы!», – деді президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде.
Мемлекте басшысы адам өмірінің маңыздылығына да тоқталды.
«Шын мәнінде, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Қандай күрделі мәселенің өзін айғай-шу, дау-дамайсыз сабырмен шешуге болады. Біз ішкі және сыртқы саясатта осы ұстанымды сақтаймыз. Өйткені, тұрақтылық, татулық және тыныштық – барлық табыстың көзі. Бұл – ақиқат», – деді ол.
Президент ең алдымен, заң мен тәртіп керек екенін және Заңдардың әділ, тәртіптің қатаң болуы тиіс екенін атап өтті.
«Шын мәнінде, Отанымыз – бір, халқымыз да – бір. Бұл – ең басты қағидат. Қазақстанды көре алмайтын елдер бар екеніне бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да аса қырағы болуымыз керек. Отанымыздың ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған саясатты жоғары кәсіби деңгейде жүргіземіз», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024