Тоқаев сайлау алдындағы теледебатқа неліктен қатыспайды – ОСК түсініктемесі
Астана. 8 қараша. 7kun.kz – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа не себепті қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, сайлауалды үгітті өз өкілеті шегінде кандидаттардың сенімді өкілі жүргізеді. Сондықтан сенімді өкіл үміткердің атынан телевизиялық пікірталасқа қатысады. Өйткені ол кісіні кандидат өзі сенім артқан.
«Нақты себебіне келер болсақ, бұл сұрақтың Орталық сайлау комиссиясына қатысы жоқ. Біз алғашқы отырыс өткізгеннен кейін барлық штабқа сауал жібердік. Штаб бізге дебатқа қатысатын кандидатураларды ұсынды. Сенімхатын қарадық. Олар міндеттерге толық сай келеді. Сондықтан осындай тізім бекітіліп отыр», – деді ол.
Айта кетейік, 11 қарашада президенттікке үміткерлердің қатысуымен өтетін телевизиялық дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспайды. Оның орнына сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысады. Дебат 11 қарашада «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде кешкі сағат сегізде басталады. Ол төрт раундтан тұрады деп жоспарлануда.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024