Бішкек. 9 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО аймағында санкциялардың әсерін жеңілдету керектігін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Президент Одақ елдерінде қазан айында инфляция деңгейі 11,5 процентті құрағанын атап өтті.
«Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек», – деді президент.
Оның айтуынша, әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтарының енгізіліп жатқанына қарамастан, ЕАЭО-ның ішкі ынтымақтастығы жаһандық үрдістерден ерекшеленеді және келешекке сенім ұялатады.
«Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр», – деді Тоқаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024