Нұр-Сұлтан. 15 маусым. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», – делінген президент қаулысында.
Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқовқа Халық әртісі атағы ол дүниеден озар алдын екі ай бұрын берілген. Композитор 1992 жылы 29 ақпанда қайтыс болып, Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024