
Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізсіз имидждік және консалтингтік іс-шараларға бюджет шығындарын қысқартуға шақырды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Елордада бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті, оның барысында мемлекет басшысына республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі параметрлері баяндалды.
«Тоқаев бюджет жобасының теңгерімді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай екенін айтты. Сонымен қатар, ол бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттің кірісін одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті», - делінген мәтінде.
Атап айтқанда, президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға, Есеп комитетімен өзара тығыз ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ негізсіз имидждік және консалтингтік шығындарды қысқартуға шақырды.
Соңында Мемлекет басшысы Үкіметке бюджет үдерісіне бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша тиімді әрі маңызды жобаларды қаржыландыруы тиіс.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025