Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Астана. 23 қазан. 7kun.kz Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Си Цзиньпиннің Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болып қайта сайланды.

Похожие материалы