Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Сәрсенбіде мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар теңгерімді тариф саясатын енгізудің нақты аспектілері мен электр энергетикасы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов цифрлық майнингтің заңсыз субъектілеріне қатысты шаралар қабылдау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырған болатын.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір еліміздің өңірлерінде Энергетика министрлігі мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жасақталған мобильді топтар бақылау шараларын жүргізіп жатыр. 18-20 ақпан аралығында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 34 заңсыз әрекет еткен нысан анықталды. Шектеулі электр қуатының жалпы көлемі 202 МВт құрады.
Анықталған субъектілерге қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін жүйелік оператор ("KEGOC" АҚ) Цифрлық майнерлер үшін электр қуатын 380 МВт-қа шектеуді енгізген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024