Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев жаңа Экология министрін тағайындады

Тоқаев жаңа Экология министрін тағайындады

Астана. 4 қаңтар. 7kun.kz – Жаңа Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Жарлықта.

Ал бұған дейін осы лауазымды атқарған Серікқали Брекешев қызметінен босатылды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылы 14 наурызда Зүлфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

Похожие материалы