Астана. 1 қазан. 7kun.kz – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты президентке қастандық жасауды жоспарлаған адвокат Аяна Атыгаевты 17 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Іс жабық сот отырысында қаралды. Ол бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды:
- мемлекетке опасыздық жасағаны үшін – 11 жылға бас бостандығынан айыру;
- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, ЕАЭО кеден шекарасы арқылы атыс қаруын алып өткені үшін - 9 жыл;
- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін - 7 жыл;
- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып жасалған, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз дайындауға әзірлігі үшін - 4 жыл;
- мемлекеттік қызметін тоқтату және кек алу мақсатында Қазақстан президентіне қастандық жасауға дайындалғаны үшін - 10 жыл;
- терроризм актісіне дайындалғаны үшін - 10 жыл;
- құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге қастандық жасауға дайындалғаны үшін – 10 жыл;
- шағын және аса ісі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, оны өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін - 5 жыл.
Оған Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөліміне сай оған жалпы жиыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өткізеді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2022 жылғы сәуірде ҰҚК Астанада ҚР президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстады. Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне де қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024