
Астана. 25 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі республикалық телеарналардан көрсетіледі. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.