АТФ банк қаңтар айында тұтқындалған бизнесмен Тоқтар Төлешовтың мүлкін сатылымға қойды. Кәсіпкерге тиесілі "Шымкентсыра" зауыты 28 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Бірыңғай электронды сауда-саттық алаңының ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, "Шымкентсыра" ЖШС-ның сыра қайнату зауыты мүліктік кешені - тұрғын жайсыз ғимараттары (жалпы ауданы 30 857,8 ш/м) және аумағы 1 294,68 сотық болатын жер телімі құрал-жабдықтарымен, басқа да негізгі құралдарымен және материалдық емес активтерімен, оның ішінде тауарлық белгілерімен қоса саудаға қойылғаны белгілі болды.
Сыра зауытының бастапқы бағасы 27 млрд 984 млн 835 мың теңгені құрайды. Ал саудаға қатысу үшін кепілдік жарнасы - 1 млрд 399 млн 241 мың 750 теңге.
Саудаға қатысу жөніндегі өтініштер 11 сәуірге дейін қабылданып, сауда 12 сәуір күні басталады.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 қаңтарында шымкенттік белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешев тұтқындалып, оған екі бап бойынша қылмыстық топ құрғаны және есірткі дайындау, сақтау, сату ісі бойынша айыпталған еді.
Ал 4 ақпан күні Шымкенттегі «Отырар»телеарнасының баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында "Шымкентсыра" зауытының директоры Камал Атажанов зауыттың жұмыс істеп тұрғанын, мұнда мыңнан астам адам жұмыс істейтінін айтқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024