Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - Toyota мен Mazda ірі жапон концерндері электроқозғалтқышы бар автомобильдер шығару мен АҚШ аумағында біріккен кәсіпорын ашу мақсатымен серіктестік орнатады. Бұл туралы Nikkei іскер газеті хабарлады.
Екі компания өкілдері Mazda акцияларының 5 пайызын Toyota сатып алып, серіктестік орнату үшін қаражат салу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Есесіне екі корпорация да 2019-2020 жылдары әлемдік электромобильдер нарығына шығуды көздеп отыр.
Концерндер дамыған технологиялар өндірісіне көбірек қаражат бағыттау үшін АҚШ-та жылдық қуаты 300 мың автомобиль болатын зауыт салады. Оның басты өнімі - кроссоверлер болады. Тойотаның АҚШ-та 6 кәсіпорны бар, ал Маздаданың АҚШ-та бірде бір кәсіпорыны болмағандықтан, жеткізу жұмыстары Жапония мен Мексикадан жүреді.
Еске салсақ, 2015 жылы екі автоөндірушілер серіктестікті технология саласында кеңейте түсетіндіктерін хабарлады. Алайда ол уақытта бірігіп капитал салу туралы айтылмады.
Айта кетейік, компаниялардың электромобильдерге қатысты шешімі әлем бойынша экологиялық нормалардың қатаюы мен Ұлыбритания мен Францияда дизельжәне бензин қозғалтқыштары бар көліктерді сатуды 2040 жылға дейін тоқтату шешімімен байланысты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024