Алматы. 28 қазан. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) жеңілдікті шарттармен 14 млрд теңге несие алуы мүмкін.
Үкімет қаулысының жобасына сәйкес банкке жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесімен 20 жылға аталған соманы бөлу жоспарланып отыр.
Бұл ретте игеру кезеңі бюджеттік кредит аударылған күннен бастап 17 жылды құрайды.
Қаулы жобасындағы несие мақұлданған жағдайда "Нұрлы жер" бағдарламасына бағытталады. Сонымен бірге, сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспауы тиіс.
"Бюджеттік несие бойынша негізгі қарызды өтеуді қарыз алушы жыл сайын 1 млн теңге мөлшерінде тең үлестермен қарыз аударылған күннен бастап 80 айдан аспайтын жеңілдікті кезең өткеннен кейін жүзеге асырады. Кредит мерзімі аяқталғаннан кейін негізгі борыштың қалған сомасын өтеу бір мезгілде жүзеге асырылады", - делінген құжатта.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024