Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТҚЖБ KASE-де 20 млрд теңгеге облигацияларын орналастырады

ТҚЖБ KASE-де 20 млрд теңгеге облигацияларын орналастырады

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) қолданыстағы және жаңа тұрғын үй бағдарламаларын қорландыру мақсатында Қазақстан қор биржасында 20 млрд теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырады. Бұл туралы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Ибрагимованың айтуынша, қор биржасы алаңындағы сауда 2019 жылдың 17 шілдесінде өтеді.

Облигациялардың кірісі жылдық 9,5%-10,5%-ды құрайды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 7 жыл.

«Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 16 жыл. Осы уақыт аралығында ол барынша нығайып, қазіргі сәтте қазақстандық нарықтың көшбасшысы саналады. Банк өнімдерінің арқасында шамамен 200 мыңдай салымшы қоныс тойын атап өтті. Ал тағы 1,4 млн қазақстандық 692,3 млрд теңге көлеміндегі өз қаражатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтауда. Оларға қолжетімді банк құралдары мен жаңа тұрғын үй бағдарламаларын ұсыну үшін банк қор жинаудың баламалы көздерін тартып, банк тарихында алғаш рет өз облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастырады», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова. 

Похожие материалы