
Бухарест. 10 маусым. 7kun.kz - АҚШ Президенті Дональд Трамп "Катар терроризмді өте жоғары деңгейде қаржыландырып келген" деп айыптады және мұны дереу тоқтатуды талап етті.
Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Парсы шығанағы елдерін Катар блокадасын әлсіретуге шақырған еді. Себебі ол Қазақстан мен басқа да елдерде тыйым салынған "Ислам Мемлекет" террорлық ұйымымен күреске кедергі.
Одан бөлек, Тиллерсон Катардың оқшаулануы іскерлік және сауда қатынастарына кері әсерін тигізіп, ал елдің қарапайым тұрғындарына зиян келтіретінін айтты. Сонымен бірге ол Катар Әмірі терроризмді қаржыландыруды біршама тоқтатқанын, бірақ әлі де бұл бағытта жұмыс істеуі керектігін жасырмады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025