
Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz— АҚШ Президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығын алуға үміткерлердің тізіміне қатарынан үшінші жыл еніп отыр, деп мәлімдеді Nettavisen басылымы.
«Мен, Трамптың номинацияға ұсынылғаны туралы хабарлама алғанымызды растай аламын.
Алайда оны кім ұсынғанын айта алмаймын. Бұл құпия ақпарат. Тек бастама американдыққа тиесілі екендігін ғана айта аламын" - деді Норвегиядағы әлемдік мәселелерді зерттеу институының директоры Хенрик Урдаля.
Сондай-ақ, институт директоры биыл да былтырғы жылы да Трамптың кандидатурасын ұсынған сол адам екендігін айтты. Урдалдың ойынша, АҚШ президенті бұл сыйлыққа «бейбітшілік үшін күресте күш қолдану» идеологиясына берілгендігімен және тағы басқа да еңбектерімен лайық.
Басылым АҚШ-тың бұрынғы төрт президенті сыйлықтың лауреаттары болғанын атап өтті.
Айта кетейік, Нобель сыйлығына биыл ұсынылған бірнеше жаңа кандидаттардың ішінде Эдвард Сноуден де бар.
Сыйлық иегерлерінің аттары 2018 жылы қазанда белгілі болады. Әдеттегідей, номинаттар тізімі жарияланбайды, алайда бірнеше есімдер БАҚ- да жазылады.
Қания Табыс
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025