Алматы. 20 қыркүйек 7kun.kz - АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР АҚШ-қа қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз", - деді Трамп.
Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді.
"Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған демократиямен жасырып отыр", - деді Трамп.
Дереккөз: inform.kz