Мемлекеттік кіріс комитетінің Алматыдағы департамент қызметкерлері транспорт салығын кері шегеруді ұсынды. Мамандардың сөзінше, жаңа өзгеріс салық төлемі мен оны есептеуді жеңілдетеді. Дегенмен, жанармай бағасы бірден қымбаттауы мүмкін деп хабарлайды Алматы арнасы.
"Әрине, жанармай бағасы 9-10 теңгеге қымбаттайды. Бірақ басқа жағынан артықшылықтары бар, сіз жыл сайын төлейтін салықтан арыласыз. Кейде көліктерге 300 мың теңгеге дейін салық төленіп кетеді. Ол машиналардың иелері үшін жаңа өзгеріс ыңғайлы болады",-деді Алматыдағы мемлекеттік табыс департаментінің түсіндіру қызметі басқармасының басшысы Еділ Әзімшайық. Алматылық департамент қызметкерлері жер мен мүлік салығын да біріктіруді ұсынды. Олардың түсіндіруінше, бес жыл сайын пәтерлер мен үйді бағалап, соның қорытындысы бойынша салық есептеуге болады. Өз жобаларын мамандар мемлекеттік кіріс комитетіне сәуір айында ұсынбақ. Егер өзгеріс қолдау тапса, парламентке талқылауға жіберіледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024