Экономика
Транспорттық компаниялардың табысы 1,8 трлн теңгеден асты
Алматы. 15 қазан. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында қазақстандық транспорт компанияларының түсімі 1,8 трлн теңгеден асты деп хабарлайды ranking.kz.
Оның ішінде әуе компанияларының табысы 12,2 пайызға артып, 224,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,1 пайызға көп. Ал әуе көліктерін пайдаланатын жолаушылардың саны 5,5 млн-ға жетті. Былтыр жолаушылар саны бұл көрсеткіштен 12,7 пайызға аз еді.