Трансұлттық 50 корпорацияның офшорлы шотында 1,4 трлн доллар сақталуда. Бұл туралы «Broken at the Top» зерттеу жұмысында айтылған, деп хабарлайды vedomosti.ru.
Oxfam қайырымдылық ұйымы салық төлеуден жалтарған трансұлттық корпорацияларды анықтап көрді. Ұйым сарапшылары Рfizer, Goldman Sachs, Dow Chemical, Chevron, Walmart, IBM және Procter and Gamble сияқты ірі 200 компанияның қызметіне сараптама жасай келіп, кемінде 10 компанияның 9-ы салықтан жалтаратынын айтады. Ал 50 компанияның 1,4 трлн долларды құрайтын 1608 офшорлы құрылымы бар.
2008-2014 жылдар аралығында америкалық ірі 50 корпорация 1 трлн доллар салық төлеген. Ал АҚШ-тың федералды бюджетіне 412 млрд доллар ғана түскен. Сондай-ақ, компаниялар бюджеттен кредит және кредиттік кепілдік түрінде 11,2 трлн доллар алады. Осылайша, салық ретінде төленген 1 долларға АҚШ қаржылық көмек есебінде 27 доллар беріп отырған. Корпорациялар өз мүддесін қорғауға 2,6 млрд доллар жұмсайды. Ал түскен пайда осы осы кезеңде 4 трлн долларды құрайды.
Oxfam сарапшыларының сөзінше, АҚШ пен даумышы елдердегі жыл сайынғы шығын 100 млрд долларды құрайды. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, 1952 жылдары бюджеттің 33%-ын салықтан түскен қаржы құраса, қазір бұл көрсеткіш бар болғаны - 9%. Сондықтан зерттеушілер салық төлемеуден болған шығындардың орнын толтыру үшін компаниялар мен ауқатты жеке тұлғалардан жыл сайын қосымша 1026 доллар алынып отыру керек дегенді айтады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024