Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Travelsystem 2 мың "бос" жолдама сатыпты

Travelsystem 2 мың "бос" жолдама сатыпты

Travelsystem туроператоры шамамен 3 мың жолдама сатқан, оның ішінде шамамен 2 мыңы қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев мәлім етті.

"Осы адамдардың көбісі Қазақстаннан тыс жерге әлі ұшқан жоқ. Сол себепті қазір Travelsystem компаниясының өзі және біздің бизнес қауымдастықтар, меңзеп отырғаным ҚТА, ҚТАА (Қазақстанның туристік қауымдастығы, Қазақстанның туристік агенттіктер ассоциациясы - 7kun.kz) қауымдастықтары адамдардың қамтамасыз етілмеген туристік жолдамалармен ұшуын болдырмау үшін осындай жағдайға тап болған адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - деп мәлімдеді Т.Дүйсенғалиев. Бұл ретте ол бұл оқиғаны өткен жылғы "Гүлнар Тур" агенттігінің банкрот болу оқиғасымен ұқсастырмауға шақырды. Т.Дүйсенғалиев заңнамаға енгізілген түзетулерді еске салды, ол түзетулерге сәйкес туроператор жеке тұлғаларға билеттерді тікелей сата алмайды, бұл тек турагенттер арқылы жүзеге асырылуы тиіс. "Егер "Гүлнар Турмен" болған жағдайда адам шетелге ұшып кетті, компания банкрот атанды, адамдар өз пролемаларын өздері шешуі тиіс еді және өз шығындарын тек сақтандыру компаниялары арқылы өтей алатын, ал қазір әрбір клиенттің турагентпен келісімі бар, сол турагент барлық тәуекелдерді өзіне алады. Турагент клиентке барлық қызметтер толық көлемде көрсетілетініне кепіл болады, қазіргі кезде, шартты түрде айтатын болсақ, бір адамның жауапкершілігі шамамен 200 компанияға бөлініп отыр", - деп түсіндірді мекеме басшысы. Бұған қоса, Т.Дүйсенғалиев 2013 жылдан бері заңнама негізінде шетелдік әуе тасымалдаушылардың чартерлік рейстеріне тыйым енгізілгендігін айта кетті. "Бұл жағдайда мемлекет жауапкершілікті өзіне алады. Әуе тасымалдаушыларына қатысты қандай да бір проблемалар туындаса, мемлекет ұлттық тасымалдаушыларды және Қазақстан Республикасының барлық тасымалдаушыларын қазақстандық азаматтарды алып келуге мәжбүрлей алады. Бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселесі", - деді Т.Дүйсенғалиев. Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаевтың айтуынша, зиян шеккен туристерді Air Astana және Scat әуе компаниялары алып келеді. "Біз әуе компанияларымен арадағы жұмысты үйлестірдік, бірінші кезекте Air Astana-мен, себебі көп адам, шамамен 1200 адам қазір сонда. Олар 19 маусым күні шығарылады. Scat арқылы ұшқан біршама адам бар, әуе компаниясы жолаушыларды алып шығу міндетін өзіне алды», - делі Т.Ластаев. Айта кетелік, 3 мамыр күні түнгі 2-3 аралығында Travelsystem компаниясының ресми сайтында қызметтің тоқтатылуы туралы хабарлама пайда болды. Travelsystem директорын ІІД және Бас прокуратура іздеп жатыр. Бұған дейін жазғанымыздай, Travelsystem әрекеттері 8 млн доллар сомасына залал келтірген және осы компанияға қатысты жағдайды шешу үшін арнайы оперативтік штаб құрылды.

Похожие материалы