"ЦентрКредит" банкінің (ЦКБ) директорлар кеңесі өзінің еншілесі "ЦКБ-Мәскеу" банкін ресейлік жеке инвесторға сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Хабарламада атап өткендей, мұндай шешім Қазақстан мен Ресейдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы мен тұрақсыздыққа байланысты қабылданған.
Бнк активі банк капиталының нарықтағы бағасы бойынша ресейлік жеке инвесторға сатылған. Бағаны тәуелсіз компания нақтылаған.
"Қазіргі кезде Қазақстандғы ішкі бизнеске қатысты мәселелерді топтастыру керектігіне көзіміз жетті, Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі жағдай мен құбылмалылық біздің бәсекеге қабілетті болуымызға кері әсерін тигізуде. Бұдан бұрын ЦКБ Украинадағы өкілеттігін тоқтатқан. Енді жағдайға байланысты еншілес банк ЦКБ-Мәскеуді ді де сатуға тура келеді", - деді банктің басқарма төрағасы Владислав Ли.
Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, республикадағы 35 банктің ішінде Центр Кредит актив көлемі бойынша 5 орында.
Фото: nur.kz