Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - "ЦентрКредит" банкі мен Цеснабанктің бірігу процесі 2 жылға жуық уақыт алуы мүмкін. Қазір екі жақ осы бірігу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы "ЦентрКредит" банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта екі банк банктерді тиімді басқару үшін бір ымыраға келу жолдарын қарастырып жатыр. Сонымен қатар, екі банктің бірігуі туралы сұрақ талқыланып жатыр. Бірақ бұл жерде қаржы институттарының қосылуы банк акционерлері ауысқаннан бастап екі жылдай уақытты талап ететінін түсінуіміз қажет", - деп атап өтті банк топ-менеджерлеріне арналған семинарда "ЦентрКредит" банкінің басқарма төрағасы Владислав Ли.
Одан бөлек, қаржы институттары даму стратегиясын жасап шығаруды жоспарлап отыр. Ол қазіргі уақытта құрастырылып жатқан бағдарламамен сәйкестендіріледі. Бағдарлама консолидация процесін қолдау және Ұлттық банк тарапынан активтер сапасын бағалауға арналған.
"Бірігу жұмыстарымен тәжірибелі кеңесшілер жетекшілік ететін жобалық команда айналысады. Бұл командаға екі банктің ішкі нормативті базасын бірыңғай стандартқа жүйелеудің дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Ондағы мақсат тұтынушыларға қызмет көрсетуді барынша ыңғайлы ету. Ол уақытқа дейін "ЦентрКредит" банкі мен "Цеснабанк" екі жеке қаржы институттары болып жұмыс істей береді", - деді Владислав Ли.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024