Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Банк ЦентрКредиттің бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында (KASE) күрт қымбаттады, деп мәлімдейді Baq.kz ақпарат агенттігі.
1 ақпандағы cауда қорытындылары бойынша акциялардың құны 306 теңгеге (+23,4 пайыз) жетті. Бұл - соңғы бірнеше жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Cонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ның акциялары да қымбаттады (+2,3 пайыз). Халық банкте (+0,3 пайыз) де шамалы өсім байқалды.
Ал, Астана банкі (-0,97 пайыз), KAZ Minerals (-0,2 пайыз), Kcell (-0,6 пайыз), KEGOC (-0,1 пайыз) акциялары арзандады. Сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (-0,5 пайыз) баға белгілеулерінен де пайыздық төмендеуді байқауға болады. KASE индексі 1,07 пайызға артып, 2354,05 пункті құрады.
Естеріңізге сала кетсек, KASE индексі БЦК және Астана банкімен толықтырылып, тізімге қайта оралды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024