Банк ЦентрКредиттің 41,93 пайыз акциясына ие Kookmin Bank (KB) өз үлесін Бақытбек Байсейітов пен «Цеснабанк» АҚ және «Цесна» қаржы холдингі» АҚ бірлескен консорциумы сатып алатыны туралы ақпарат шыққан еді. Сарапшылар аталған келісімнің құны қанша теңгені құрауы болуы мүмкін екеніне қатысты болжамдарын айтты.
IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашовтың айтуынша, Kookmin Bank-тің сатқан үлесінің сомасы Қазақстанның қор биржасында сатылатын Банк ЦентрКредиттің басқа да акциялары секілді нарық бағасының шамасында болады. KASE-тегі сауда қорытындысы бойынша, 10 ақпанда белгіленген баға 181 теңге шамасында белгіленген.
«Корей банкінде құны қазіргі белгіленген бағамен құны 27 млн долларды құрауы мүмкін 48 миллионға жуық қарапайым акция бар. Kookmin Bank-тің портфелінде одан бөлек 36,5 млн басымдыққа ие акция бар. Олар биржаға шығарылмайды әрі одан түсетін табыс тым аз. Бірақ мұндай акциялар 2006 жылдың 28 маусымында тізімнен алынып тасталды. Олардың құны шамамен 30 млн доллар болар еді. Сәйкесінше, оның жалпы акцияларының құны 55 млн доллар болуы мүмкін. Дегенмен, нақты бағасын айту әлі де ерте», - дейді сарапшы.
Лукашовтың айтуынша, кезінде Kookmin Bank Банк ЦентрКредиттің акцияларын 939,2 млрд корей вонына сатып алған еді. Қазіргі курспен бұл 780 млн долларды құрайды.
«Қазіргі – өте төмен курспен сатқан корей банкі үшін тиімcіз», - деді ол.
Ал тәуелсіз экономист Александр Юрин 2008 және 2010 жылдары Банк ЦентрКредиттен құны 500 млн доллар және 116 млн доллар тұратын екі акция сатып алған. Бұл оған банктің 40 пайыздан астам басымдыққа ие және қарапайым акциясына ие болуға мүмкіндік берді.
«БЦК-ні акциялары теңгемен сақталғандықтан, қазір оларды долларға шаққанда құны қатты төмендеп кетті. Менің пайымдауынша, корей банкі шыққан шығынды анықтап, қазақстандық банк қызметі нарығынан толықтай кетпек», - дейді экономист.
Александр Юриннің айтуынша, келісімнің құнын болжағанда Банк ЦентрКредиттің биржадағы бағасын негіз ретінде алуға болмайды.
«Соңғы кездері кішкентай келіссөздердің өзінде акциялар құбылып тұрды. Ал бұл жағдайда сауда манипуляцияға ұшырауы мүмкін. Бір жағынан, қазақстандық банктердің берген есебі олардың акцияларының сапасын көрсетпейді. Сондықтан алда болатын келесім-шарттың құны қанша қазіргі акцияларға қарап айту орынсыз», - дейді ол.
Ол сондай-ақ Kookmin-нің үлесі кімге сатылатыны белгілі болғанмен, олардың арасында акциялар қанша пайыздан бөлінетіні құпия қалып отырғанын баса айтты.
«Финам» сарапшылар тобының компаниясы Богдан Зваричтің пікірінше, келіссөз нарықтағы баға шамасында болады. Ол KB айтарлықтай пайда алуы мүмкін деп ойламайды.
«Саудадан келетін пайда туралы айтудың қажеті де жоқ. Меніңше, Kookmin Bank Қазақстаннан уақытша шыға тұрмақ. Соңғы жылдары ірі шетелдік банктердің Қазақстан банк нарығынан кетіп жатқандығын көріп отырмыз. Соған қарағанда шетелдік банктер қазақстандық банк жүйесінің келешегі мен экономикасының дамуына күмән келтіре бастады. Сол үшін де «уақытында кетіп қалуға» асығып жатыр», - дейді экономист.
Айта кетейік, Kookmin Bank – нарықтық капитализация мен активтер мөлшері бойынша Оңтүстік Кореяның ең ірі банктерінің бірі. KB-нің БЦК-тегі үлесі 41,9 пайыз, 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған. Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC халықаралық қаржылық компаниясы инвестор ретінде келісімге қатысқан. Корпорация БЦК-ның 10 пайыз үлесіне ие. Тағы 25,6 пайызы Бақытбек Байсейітовқа тиесілі.
Ұлттық Банктің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарында Банк ЦентрКредиттің активтері 1,3 трлн теңге болған, қарыз мөлшері – 889,6 млрд теңге, міндеттер – 1,2 трлн теңге, табыс – 3,1 млрд теңге, төлену мерзімінен асып кеткен кредиттер үлесі – 8,95 пайызды құраған. Жалпы банктер ондығында ЦентрКредит Банкі активтері бойынша алтыншы орында тұр.
Корея банкі әлемдік стратегия аясында 2008 жылы ЦентрКредиттің 41,9 пайыз үлесін сатып алған. Ол кезде бір акцияның бағасы 13 доллар болған, ал қазір оның құны 0,5 доллар тұрады
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024