Цеснабанк директорлар кеңесі "Плюс Банк" ААҚ жарғылық капиталындағы өз үлесін 100%-ға дейін арттыру туралы шешімді қабылдады деп хабарлайды КASE Қазақстанның қор биржасы.
"Цеснабанк директорлар кеңесі 2015 жылдың 15 сәуірінде 17 370 000 доллар соммасына "Плюс Банк" ААҚ артықшылықты және қарапайым акцияларын сатып алу арқылы Ресей Федерациясының аумағындағы несие ұйымы болып табылатын "Плюс Банк" ААҚ жарғылық капиталындағы Цеснабанк үлесін 100%-ға дейін арттыру арқылы "Плюс Банк" ААҚ үлестес ұйымын сатып алу шешімін қабылдады", - делінген KASE хабарламасында.
Бұған дейін Цеснабанкке "Плюс Банк" ААҚ акцияларының 19,97%-ы тиесілі еді, 19,91%-ы Linex Global FZE-ге, 19,28%-ы Парфенову Алексейге тиесілі, 16% - Harborlite invest limited (БАӘ) халықаралық компаниясында, 15,94% - Ахтямов Мавлитте, 3,37% - Silink Limited (Кипр), 1,28% - Firebird new Russia fund limited.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024