Тұран жолбарыстары 2025 жылы Қазақстанға оралуы мүмкін - Экология министрлігі
Нұр-Сұлтан. 1 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанның жабайы табиғатындағы алғашқы Тұран жолбарыстары 2025 жылы қайта пайда болуы мүмкін. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев айтты.
Тұран жолбарыстарының соңғы өкілдері 1970 жылдары жоғалып кетті. ХХ ғасырдың басында жер бетінде 9 түрлі 100 мыңға жуық жолбарыс өмір сүрген. ХХІ ғасырдың басында олар шамамен 3,5 мың болған.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балқаш өңіріндегі жолбарыс популяциясын қалпына келтірудің 15 жылға есептелген бағдарламасын әзірледі. Бұған мекендеу орындарын дайындау, жолбарыстарды жабайы табиғатқа жіберу және бағдарламаның сәттілігін бақылау кіреді.
«Қазіргі таңда жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ – Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Онда биотехникалық шаралар арқылы қабан, құлан, қарақұйрықтардың тығыздығын арттыру, сондай-ақ Бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін экожүйе жолбарыстардың өміршең популяциясын қолдауға қабілетті болады», – деді Беркінбаев.
Қазақстан 2010 жылы халықаралық жолбарыстар саммитінде Тұран жолбарысы популяциясын Орталық Азияға қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Ал 2017 жылы Қазақстан мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) арасында Іле өзенінің атырауы мен Оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыстарды қайта жерсіндіру бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.
«Қазақстанның жабайы табиғатындағы алғашқы жолбарыстар 2025 жылы пайда болуы мүмкін», - деді Беркінбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024