Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың IV тоқсанында әлемнің 150 қаласындағы жылжымайтын мүлік бағасы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4.3%-ға өсті. Тұрғын үй қалалардың 79%-ында айтарлықтай қымбаттады, деп мәлімдеді Knight Frank консалтингтік фирмасының сарапшылары өзінің кезекті есебінде.
Қазақстан рейтингте қарастырылған жоқ. Посткеңестік кеңістік қалаларындағы жылжымайтын мүлік бағасының өсімі Санкт-Петербургте (+6.2 %), Ригада (+3.9 %), Таллинде (+2.1 %), Киевте (+0.7%) байқалды. Мәскеуде жылжымайтын мүлік 1.4 %-ға арзандады.
2018 жылы тұрғын үй бағасының ең маңызды өсімі бар ТОП-10 қала:
- Будапешт, Венгрия (+22.9%).
- Сиань, Қытай (+22.4 %).
- Роттердам, Нидерланды (+15.7 %).
- Порту, Португалия (+15.6%).
- Ахмадабад, Үндістан (+15.4%).
- Циндао, Қытай (+13.2 %).
- Амстердам, Нидерланды (+13.1 %).
- Загреб, Хорватия (+11.8 %).
- Утрехт, Нидерланды (+11.6%).
- Чунцин, Қытай (+11.6 %).
2018 жылы тұрғын үй бағасы ең көп төмендеген ТОП-10 қала:
- Турин, Италия (-13.2 %).
- Сидней, Австралия (-7.8 %).
- Стокгольм, Швеция (-7.1 %).
- Абердин, Ұлыбритания (-6.9 %).
- Мельбурн, Австралия (-6.4 %).
- Генуя, Италия (-6.2 %).
- Абу-Даби, БАӘ (-5.3 %).
- Любляна, Словения (-5.1 %).
- Дубай, БАӘ (-5 %).
- Скопьеде, Македония (-4.9 %).
Айта кетейік, 2017 жылы жылжымайтын мүлік бағалары әлемдегі қалалардың 87%-да өсті. Ағымдағы көрсеткіштер жаһандық нарықта бағаның өсу қарқынының бәсеңдеуін жалғастыратынын куәландырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024