Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) келесі жылы IPO-ға шығу мүмкін. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингінің басшысы Айдар Әріпханов Астанада өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.
Холдинг басшасының айтуынша, қазіргі уақытта инвесторларды іздеу және банк акцияларын сату жөніндегі мәмілені жүргізу үшін қаржылық кеңесші - ScholzvonGleich компаниясы тартылды.
Әріпханов төрт халықаралық инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Әлеуетті сатып алушылар банктің ішкі ипотекалық нарығындағы соңғы өзгерістерге байланысты жаңартылған болжамын зерделейді; келісудің ішкі рәсімдеріне, инвестициялық критерийлерге сәйкес коммерциялық инвестилендіру алдындағы сараптама процесін жалғастырады. Егер келіссөздер ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмаса, 2019 жылы IPO - ға шығу нұсқасы қаралатын болады", - деп түсіндірді Айдар Әріпханов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024