Тұрғын үй салуда ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткішке жеттік - Жеңіс Қасымбек
Астана. 6 ақпан. 7kun.kz – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды автожол жобаларын іске асыру жалғасады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
2018 жылы республикалық маңызы бар 1,5 мың км жол жөнделді және 528 км автожол қайта жаңғыртылды. Өңіраралық инфрақұрылымды жүйелі дамыту үшін өткен жылы жергілікті желідегі жолдарды жөндеуді қаржыландыру паритетті негізде 2 есеге артып, 150 млрд теңгеге дейін жеткізілді. 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттің 1 теңгесіне 6 теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл да негізгі көрсеткіштердің бірі. 12,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни, рекордтық көрсеткіш және 2017 жылдағы деңгейден 12,1%-ға жоғары. 2018 жылы тапсырылған тұрғын үй бір тұрғынға шаққанда 0,68 шаршы метрді құрады. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш», - деп атап өтті министр.
Ж.Қасымбектің айтуынша 113 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты, оның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 14 мың отбасы арендалық және кредиттік тұрғын үймен қамтылды (арендалық – 3,7 мың, кредиттік – 11 мың пәтер). Жалпы 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Барлық қабылданған шаралар 2030 жылға дейін бір адамға шаққанда 30 шаршы метрден келетіндей мақсатты индикаторды орындауға бағытталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024