Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты Түркия бағытындағы барлық турлар еуроға есептеледі, - деп хабарлайды «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қорының баспасөз қызметі.
Көршілес ресейлік туроператорлар мен түрік қонақ үйлері өткен жылдың қараша айында жаппай еуроға ауыса бастаған болатын. Осыған орай, 1 қаңтардан бастап Түркиядағы жазғы маусымға сапарлар қонақ үй класына байланысты 10%-тен 20%-ке дейін қымбаттады. Алайда, туристер әсіресе бұл өзгерістерді тек жазғы демалыстарда ғана ерекше сезінетін болады. Түркиядағы демалыс құны долларға емес, еуроға бағынышты болады. Төлем бұрынғыдай теңгемен жүргізіледі, бірақ содан кейін еуроға аударылады.
Есеп айырысу валютасын өзгертудің негізгі себептерінің бірі - саяси аспект. Алайда, ресми себеп ретінде, көптеген түрік қонақ үйлерінің еуропалық нарыққа сәйкестендіріліп, еуроның есептеу валютасы ретінде «тұрақты және жұмсақ» болуымен түсіндірілуде.
Қазақстан үшін демалуға лайықты елдер арасында Түркия бірінші орында тұр. 2018 жылы 148 мың қазақстандық демалыстарын Түркияда өткізген. Өткен жылы 343 мың қазақстандық шетелде демалды. Әзірге Түркиямен тек Мысыр бәсекелесе алады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024