
Түркия. 25 мамыр. 7kun.kz – Түрік қарулы күштері Сирия аумағында жаңа трансшекаралық операция өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 7kun.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дереккөз хабарлауынша, осыған дейін Түркия әскері елдің оңтүстік-шығыс шекараларында қауіпсіз аймақтар құру үшін лаңкестікке қарсы операциялар жүргізген. Сәтті операциялар қатарына «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» және «Көктемгі қалқан» әскери операциялары кіреді. Қазіргі бесінші антитеррористік операция – «Барыш пынары» («Бейбітшілік көзі») деп аталады.
Жоспарланып отырған операция Сирияның солтүстік бөлігінде өткізіледі.
«Біз оңтүстік шекараларымыздың бойында 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құру бойынша жұмыс істеудеміз. «Бейбітшілік көзі» операциясы Түркияға қатысты террористік қауіпті бейтараптандырады және сириялық босқындардың туған жерлеріне жайлы оралуын жеңілдететін қауіпсіз аймақ құруға мүмкіндік береді. Біз Сирияның аумақтық тұтастығын сақтап, аймақ халқын лаңкестерден азат етеміз», – деді Түркия президенті Режеп Ердоған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025