Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 өткеннен кейін 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды 7kun.kz «Анадолыға» сілтеме жасап.
Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарының жүрігізіліп жатқанына бүгін 11 күн болды.
Алена Өлмез есімді қызды Кахраманмараш қаласының Каябашы кварталындағы тұрғын үйдің қирандыларының астынан тірідей табылды. Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді.
Қызды құтқаруға қатысқан Сакариядан келген құтқарушылардың бірі Хаджер Атлас Anadolu агенттігіне берген сұхбатында құтқарушылардың ұзақ және ауыр жұмыстан кейін Алейнаға жеткенін айтты.
«Біз онымен үнемі байланыста болдық. Алдымен құтқарушылар оны қолынан ұстап, кейін оны толығымен алып шықты. Оның жағдайы жақсы, сөйлесе алады. Апат болған аймақтан мұндай жақсы жаңалықтар әлі де жалғасын табады деп сенемін», – деді Атлас.
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 36,1 мыңнан асты.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген дүмпулерге ұласқан жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024