Түркия. 17 қараша. 7kun.kz – Түркиядағы премиум қонақүйлер 2023 жылдың жазғы маусымында бағаны арттырады. Бұл туралы түрік қонақүйлерінің өкілдері айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бес жұлдыз сегментіндегі Түркия қонақүйлерінің демалыс бағасы 2022 жылдың жазындағы бағамен салыстырғанда 30-50%-ға өсуі мүмкін деп болжануда.
«Бағаның өсетіні анық. Қонақ үй секторындағы шығындар артты, бұл Түркиядағы өмірдің барлық салаларына қатысты. Қызанақтан бастап электр қуатына дейін қымбаттады», – деді Seven Seas gravel select қонақ үйінің сату жөніндегі менеджері Гюнай Шабан.
Күзде және қыста ерте брондау кезінде жеңілдіктер 30%-ға дейін жетеді. Бірақ соған қарамастан туристердің жазғы маусымға билеттерді сатып алу белсенділігі жоқ.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда «тұру салығын» енгізу туралы заң күшіне енеді – қонақүйлер аумағында тұрумен бірге көрсетілетін барлық қызметтердің 2% мөлшеріндегі алым алынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024