Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz – Жер сілкінісінен кейін 258 сағат уақыт өткенде Кахраманмараштағы үйінділердің астынан Неслихан Кылыч есімді 29 жастағы әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды 7kun.kz. тілшісі Haber Lütfen-ге сілтеме жасап.
Haber Lütfen мәліметінше, құтқарушылар Эбрар аймағындағы үйінділер астынан 29 жастағы Неслихан Кылычты аман алып щықты.Ол Кахраманмараштағы Сютчу университетінің медицина факультетінің ауруханасына жеткізілді.
«Құдай менің дұғаларымды қабыл етті. Жарты сағат бұрын қызымның сөмкесі шықты, артынан жарты сағат өткенде өзі де табылды. Оның күйеуі Сирияда болған, жақында келді. Екі және бес жаста екі баласы бар. Үйіндінің астында қалған барлық бауырымның құтқарылғанын қалаймын», – деді Неслиханның әкесі Жума Ялчинөз.
Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 38 мыңнан асты.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген дүмпулерге ұласқан жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024