Экономика
Түркіменстанда Гурбангулы Бердімұхамедов көшеге жылқысының есімін беруді ұсынды
Түркіменстан. 1 маусым. 7kun.kz – Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қаладағы салынып жатқан даңғылдардың біріне өзінің сүйікті арғымағы Акханның есімін беруді ұсынды. Бұл туралы Turkmenistan Today ақпараттық агенттігі хабарлады.
Бастапқыда елдің қазіргі президенті Сердар Бердімұхамедов жаңа қалада Акханға ескерткіш орнатуды ұсынды. Бірақ талқылаудан кейін ат иесі ескерткіш орнатылатын тұтас бір даңғылға оның есімін беруді ұсынды. Жиынға қатысушылар бұл ұсынысты қолдады.
Президент ретінде Гурбангулы Бердімұхамедов арғымақты өсірумен жеке өзі айналысты. 2018 жылы Акхан 10 метрді 4,19 секундта бағындырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024