Түркіменстан. 14 шілде. 7kun.kz – Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов үкімет құрамын өзгертіп, 26-дан астам министрді қызметінен босатылып, өзге қызметтерге тағайындалды. Жұмыстан босату 8 шілдеде министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында, шенеуніктердің елдің экономикалық өсуі туралы баяндамасынан кейін орын алды, деп хабарлайды 7kun.kz turkmen.news-ке сілтеме жасап.
Қызметінен босатылғандардың арасында Білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, жастар және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі вице-премьер Сапардұрды Тойлыев пен министрлер кабинеті төрағасының Экономикалық, банктік және халықаралық қаржы ұйымдары жөніндегі орынбасары Мұхамметгулы Мұхамедов болды.
Түрікменстан Ғылым академиясының президенті Сапардұрды Тойлыевтің жұмыстан босатылу себептері көрсетілмеген. Ресми хабарламада оның басқа жұмысқа ауысқаны туралы хабарланған, бірақ жаңа лауазымы көрсетілмеген.
Ал Мұхамметгулы Мұхамедов 25 наурызда Сердар Бердімұхамедов президент ретінде ант бергеннен кейін бірнеше күн өткен соң, вице-премьер қызметіне тағайындалған еді. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін ол елдің экономикалық, банктік және халықаралық қаржы институттарын басқарған.
Үкіметтің кем дегенде 26 министрі жұмыстан шығарылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды. Бұл президент Сердар Бердімұхамедовтың билікке келгеннен кейінгі ең ірі кадрлық өзгеріс болды.
Сондай-ақ президент Түркіменстанның Австрия, Жапония, Бельгия, Франция, Түркия, Әзірбайжан, Украина және Оңтүстік Кореядағы елшілерін жаңартты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024