Түркістан облысы. 31 қазан. 7kun.kz – Сарыағашта банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды 7kun.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыағаштағы полиция басқармасына банктен арыз түскен. Онда, белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 12,5 млн теңге шығын келтіргені айтылған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Полицейлер тиісті іздестіру шараларын жүргізіп, ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті кәсіпкер ретінде тіркеліп, банк қосымша арқылы өзі сатушы, өзі сатып алушы болып, бірнеше рет сату-сатып алу операцияларын жасаған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024