Түркістанда 1500 жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылды
Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – Түркістан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2010 жылдан қазіргі таңға дейін 43 млрд. теңгеге 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджетке 63 млрд. теңгенің салығы түскен, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында 4,4 млрд. теңгеге 400 жобаға қолдау көрсетілді.
«Атап айтқанда, кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 4,2 млрд.теңге бөлініп, 350 жоба субсидияланған. Кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша ішінара 102 млн.теңге бөлініп, 30 жоба кепілдендірілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсынуға 60 млн. теңге қаралып, 20 жобаға мемлекеттік гранттар ұсынылған», - деді кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Қанатұлы.
Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 163,5 млрд.теңгені құрады. Бұл тұрғыда Созақ ауданы (26,1 млрд.теңге), Түркістан қаласы (16,6 млрд.теңге) және Шардара ауданы (15 млрд.тг) көш бастап келеді. Инвестиция көзі болып табылатын жеке инвестициялар көлемі 94 млрд. теңгені құраған.
Түркістан облысында инвестицияларды тарту бағытында қолайлы инвестициялық климат құру, сондай-ақ аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында Елбасының 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес көпсалалы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024