Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық Logelis GROUPE құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қос тараптың екі жақты жүздесуінде шетелдік компания басшылығы аймақ басшысына облыс орталығы - Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттеджді үйлерді салу жобасын ұсына келіпті.
Инвесторлар «смарт» үйлерді шаһардағы индустриалды аймақтан жер алып, сонда құрастырып, жасауды жоспарлап отыр. Жылына 1 мың үйге дейін салып беруге даяр компанияның бұл жобасы республикадағы ешбір аймақта, әзірге, жүзеге аспаған. Артықшылығы сол, «ақылды үйлер» электр қуатын үнемдеп, пайдаланушыны, мейлінше, артық шығынға ұшыратпайды әрі баспана бағасы қымбат емес бағамда қарастырылған.
Шетелдік инвесторлардың ұсынысындағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарға қаныққан өңір басшысы пилоттық жоба ретінде Түркістанда 50 үйді салуға болатынын жеткізіп, өңір үшін тиімді тұстарын зерделеуді тапсырды. Сонымен бірге, жауапты сала басшыларына «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда, тиісті жұмыстарға қосуды жүктеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024