Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Түркістан облысында тұрғын үйлер құрылысына биыл республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге, ал облыстық бюджеттен 7,3 млрд теңге қарастырылып, жалға беруге арналған көп қабатты 63 үйдің (3353 пәтер, 229,1 мың ш.м.) құрылысы жүргізілетін болады, - деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, республикалық және облыстық бюджет есебінен жыл қорытындысы бойынша 47 үй (2489 пәтер, 170,8 мың ш.м.) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылдың басында 13 аудан, қала әкімдіктеріне 31 екіқабатты (330 пәтер, 13,9 мың ш.м.) тұрғын үйге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда 12 (124 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қалған аудан, қала әкімдіктеріндегі 19 үй (190 пәтер) 2019 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға тапсырылады.
Сондай-ақ, өткен жылы Түркістан қаласында «ӘКК Түркістан» АҚ және жеке салушы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (336 пәтер, 26,1 мың ш.м.) құрылысы басталған болатын. 2019 жылдың 3-тоқсанында аталған нысандар толық пайдалануға тапсырылып, барлық пәтер «7-20-25» бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Отырар мөлтекауданында «Түркістан – жаңа қала» тұрғын үй кешендеріндегі аумағы 38 гектар жер телімінде 88 (2724 пәтер, 196,3 мың ш.м.) көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Биыл 44 тұрғын үй (1362 пәтер, 98,2 мың ш.м.) пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады.
Жалпы алғанда Түркістан облысы бойынша 2019 жылы 4377 пәтер ел игілігіне тапсырылатын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024